Павлодар облысының ТЖД мектептегі ірі өртті сөндірді

Павлодар облысының ТЖД мектептегі ірі өртті сөндірді

2022 жылғы 21 сәуірде сағат 08-04-те Павлодар облысы ТЖД «101» пультіне Павлодар қаласы Торайғыров көшесі 24 мекен-жайындағы № 28 мектептің өрт шыққаны жайлы хабарлама келіп түсті. «№28 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ бірінші корпустық ғимаратының екінші қабатында өрт болды. Ауданы 1 220 шаршы метрде кабинеттердегі жиһаздың және шатырдың жануы орын алды. Сағат 10-15-те өрт жойылды.

Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 576 адам, оның ішінде 551 бала эвакуацияланды. 1975 жылы туған әйел адам жану өнімдерімен уланумен ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа. Өртте қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.        

Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖ департаментінен  70 қызметкері мен 13 техникасы, апаттар медицинасы орталығының 4 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 3 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Өрт сөндіру кезінде жанғыш жүктеме (шатырдағы ескі битум және шатыр материалы) және ағаш материалының үстіндегі металл шатырмен бекітілгені күрделене түсті.

 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі