ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Елдегі өрт қауіпті кезеңнің басталуы туралы» брифинг өтті

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Елдегі өрт қауіпті кезеңнің басталуы туралы» брифинг өтті

2022 жылғы 22 сәуірде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Елдегі өрт қауіпті кезеңнің басталуы туралы» баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясына ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев қатысты.

Нұрболат Дербісов атап өткендей, ТЖМ орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты мониторинг жүргізеді, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар, рейдтік іс-шаралар, халық, орман және шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Жыл сайын елімізде 800 жуық орман және дала өрттері мен өрттер тіркеледі. Министрлік, әкімдіктермен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, алдын алу шараларының кешенін қабылдауда және арнайы ведомствоаралық жоспар әзірленді. Жоспарға сәйкес жағдай күрделенген жағдайда ірі өрттер аймағына барлығы 39 мыңға жуық адам (ТЖМ – 1 599, ІІМ – 3 741, ЭГТРМ – 3 663, ҚМ – 301, ИИДМ – 1 549, әкімдіктер – 28 125), 8 мыңнан астам техника, су ағызу құрылғылары бар 10 тікұшақ (Қорғаныс Министрлігінің 6 әуе кемесін қоса алғанда) және 46 өрт сөндіру поездары тартылады. Сондай-ақ қосымша қызметтер отпен күресуге арналған құрал жабдықтар қорымен, яғни 6 мың бірлік аспалы өрт сөндіргіштер, 1 318 мотопомпа және 32 мыңнан астам қарапайым құрал-саймандармен қамтамасыз етілген. Табиғи өрттердің шығу себептерін талдау көрсеткендей, өрттердің тек 43%-ы табиғи құбылыстарынан, найзағай разрядтарынан болса, 50%-дан астамы адам әрекетінің салдары болып табылады.

Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 42 орман өрті тіркелді. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда орман өрттерінің саны 68% - ға өсті, өрт көлемі 4 есеге азайып, 668 гектарды құрады. Жалыны тұрғын алқаптарға өтіп жатқан, елді мекен аумақтарындағы құрғақ шөп өрттері ерекше алаңдаушылық туғызады.

Мәселен, 12 сәуірінде Петропавл қаласының маңында құрғақ шөптің жануы нәтижесінде екі жүзден астам саяжай құрылыстары жойылды және өрт сөндірушілердің жедел әрекеттері қайғылы салдардың алдын алуға мүмкіндік берді.

14 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысында ашық аумақтағы қамыстың жану нәтижесінде және айыппұл тұрағына өту кезінде 6 автокөлік жойылып, 4 көлік зақымданды.

ТЖМ табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады: жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастауға жол бермеңіздер; орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеңіздер; шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып жүру керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті фокустап, өртеп жіберуі мүмкін; жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендер аумағын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералдандырылған жолақтарды қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізіңіздер; табиғи өрттер туындаған жағдайда дереу өртке қарсы қызметке 101, 112 телефондары бойынша хабарласыңыздар.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі