
Бір тәулік ішінде ШҚО ТЖД -рт сөндіру бөлімшелері шөптің 39 жануын жойды. Негізгі себеп - халықтың отты абайсыз пайдалануы.
Мәселен Семей қаласындағы Советская көшесіндегі тұрғын өз учаскесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып от жағып, ашық отқа жеткілікті көңіл бөлмеді, нәтижесінде жалын көрші аумаққа тарады. Өрт шаруашылық құрылыстарына зақым келтірді және жел өрттің 40 шаршы метр құрғақ шөпті қамтуына әкеп соқты. Келіп жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 336-бабы бойынша тәртіп бұзушы 61 мың 260 теңге сомасында айыппұл (20 АЕК) түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ШҚО ТЖД қызметкерлері дабыл қағуда, шөп облыстың барлық аудандарында жанып жатыр.
Табиғатқа және саяжай учаскелеріне шығатын халық өрт қауіпсіздігі ережелерін есте сақтауы қажет: ашық аумақта болған кезде ешқандай жағдайда шөп жағуға болмайды; балаларға отпен және сіріңкемен ойнаудың қауіптілігі туралы түсіндіріңіз; жол жиегінің бойымен автомобиль терезелерінен сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастауға жол бермеңіз; шыны ыдыстар мен ыдыстарды ашық табиғатта қалдырмаңыз, ол күннің көзі түсіп тұрғанда күн сәулесін шоғырландырып, құрғақ өсімдіктерді тұтатуы мүмкін; өрт шыққан жағдайда, дереу «101» және «112» телефондарына хабарлаңыз.
Бағбандар өз учаскесінде келесі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуі керек: суы бар бөшке немесе өрт сөндіргіш болуы керек; мангалдар ғимараттар мен бұталардан алыс арнайы алаңдарда орнатылуы керек; шөптің күйіп кетуіне жол бермеу қажет.
Шаруа қожалықтары шаруа қожалықтарының қызметкерлерімен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар ұйымдастыруы қажет.
Рұқсат етілмеген өртеу, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақылаусыз жануы, орылған шөпті жағу және орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336 және 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгеніне назарларыңызды аударамыз. Бұдан басқа ҚР Қылмыстық кодекстің 204 - бабы бойынша отты немесе өзге де аса қауіпті көздерді абайламай пайдаланудан болған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтіруге әкеп соққан бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру - екі мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не түзеу жұмыстарымен жазаланады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі