Ақтөбеде көлік жөндеу станциясында жарылыс болды

Ақтөбеде көлік жөндеу станциясында жарылыс болды

2022 жылғы 22 ақпан күні 04 сағат 11 минутта (Нұр-Сұлтан қаласы уақыты) кезекші қызмет пультіне Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Смағұлова  № 15 мекенжайы бойынша «Альтаир» техникалық қызмет көрсету станциясының жануы туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына дереу Ақтөбе қаласының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары жіберілді.

Оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келгенде «Альтаир» техникалық қызмет көрсету станциясында газ-ауа қоспасының жарылғаны анықталды, нәтижесінде 600 шаршы метр алаңда ғимараттың құлауы мен ТҚКС ішінде және жанында тұрған 11 бірлік автомобиль техникасының зақымдануы орын алды. Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс автомобильдің газ-баллон жабдығынан шыққан газ-ауа қоспасының жиналуы нәтижесінде орын алды.

ТЖ орнында Ақтөбе облысы ТЖД 136 адам және 16 бірлік техника күштері мен құралдары, сондай-ақ ЖАО  2 бірлік техникасы жұмыс істеуде. Оқиға орын алған сәттен бастап жоғалған күзетшіні, 1954 жылы туған азаматты іздестіру бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген іздеу жұмыстары  нәтижесінде үйіндінің астынан күзетшінің  өлі денесі табылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі  тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертеді.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі