26 қаңтарда сағат 22-10-да Көкшетау қаласы, Центральный шағын ауданы мекенжайы бойынша тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Шақырту орнына ТЖД күштері 20 қызметкер мен төрт бірлік техника дереу жіберіліп, келген кезде ақпарат расталғаны анықталды. Бірінші қабаттағы пәтерде 15 шаршы метр алаңда орын алды. Оқиға орнында ТЖД күшімен баспалдақ маршы бойынша 35 адам, оның ішінде 14 бала эвакуацияланды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттері нәтижесінде сағат 22.10-да ауыздықталған өрт сағат 22.35-те жойылды. Зардап шеккендер жоқ және өрттің себебі анықталуда.
Ақмола облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау Сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қала алады. Өрт шыққан жағдайда дереу құтқару қызметінің «101» немесе «112» телефондарына қоңырау шалыңыз.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі