
Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері төтенше жағдай жарияланған күннен бастап әртүрлі әкімшілік, оның ішінде мемлекеттік меншік объектілерінде, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен бизнес субъектілерінде болған 117 өртті сөндірді (Алматы қ.-58, Шымкент Қ.-14, Алматы обл.- 9, ШҚО-3, Жамбыл обл. - 7, Қызылорда обл. - 26).
Бұл ретте ТЖМ күштері өрт сөндіру кезінде 30-дан астам адамды құтқарып, 115 адамды эвакуациялады.
Төтенше жағдайларды жоюға жеке құрамнан 1 300-ге жуық адам және 250 бірлік техника жұмылдырылды.
Өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде 10 қызметкер зардап шекті. Оның ішінде 1 қызметкер оқ жарақатын алды. Жеке құрам қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды.
Өрт сөндіру кезінде жалпы 30 бірлік өрт сөндіру-құтқару техникасы қирады. Тәртіп бұзушылар 7-еуін айдап әкетіп, оның 5-еуін өртеп жіберген. Тағы 25-і қирады.
Қазіргі уақытта 21 техника қалпына келтірілді, қалғаны іске жарамсыз болып қалды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі