Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану мүмкіндіктерін талқылады

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану мүмкіндіктерін талқылады

Қала ТЖ департаменті ұйымдастырған дөңгелек үстелдің іскерлік пікірталасына полиция департаментінің, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері және сауда аумағында пиротехникалық өнімдерді сатылатын  20-дан астам  сауда үйлерінің басшылары қатысты.

Модератор ретінде ТЖД бастығының орынбасары Самат Асаинов сөз сөйледі. Ол өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін объектілердің бірінші басшыларының жеке жауапкершілігіне назар аударды, қатысушыларға пиротехникалық өнімдерді сату кезінде өртке қарсы талаптарды сақтау қажеттілігін жеткізді

Жыл сайын мегаполисте жаңа жылдық мерекелерде орта есеппен 16 өрт тіркеледі,  олардың баысм бөлігі пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдаланбау салдарынан болады. Соңғы алты жылда 80 өрт болды (оның 10-ы пиротехника себебінен).

Шақырылғандарға өрт қауіпті бұйымдарды сату үшін қажетті арнайы шарттар мен құжаттар туралы, сонымен қатар, өнімдердің сапасына сәкес туралы сертификат пен декларация  болуы керек екені  еске салынды.

  - Пиротехниканы: жарылыс қауіпті және өрт қауіпті объектілердің аумағындағы кез келген мақсаттағы ғимараттарда, үй-жайларда және құрылыстарда, сондай-ақ шатырларда, балкондарда, лоджияларда және ғимараттардың қасбеттерінің шығып тұрған бөліктерінде, тарих және мәдениет ескерткіштерінде, оның ішінде базарларда пайдалануға тыйым салынады. Пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану талаптарына жауап бермейтін ауа райы жағдайында және өндіруші белгілеген жас шектеулері бойынша сәйкес келмейтін тұлғаларға пайдалануға болмайды.

ТЖД бастығының орынбасары Асаинов Саматтың айтуынша, пиротехниканы пайдалану және сату ережелері мен сақтық шараларын сақтау денсаулық пен мүлікті сақтап қана қоймай, мерекеден жақсы әсер қалдырады.

Қосымша баяндаманы Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының өкілі Құсайынов Айдос жасады. Ол қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 15 желтоқсаннан бастап республика аумағында әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі және Алматы ТЖД қызметкерлері жұмылдырылған "Пиротехника" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілетінін хабарлады.

Рейдтік іс-шаралар сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың жаппай сауда орындарында сатылу фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған. Полиция департаментінің өкілі дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын аударып, ҚР ӘҚБК-нің 483-бабына сәйкес "азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, сауда, жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу" бойынша әкімшілік айыппұл түрінде 5-тен 70 АЕК-ке дейін, аталған құқық бұзушылықтарды қайталап жасағаны үшін 20-дан 100 АЕК-ке дейін  көзделгенін еске салды.

Бүгінгі таңда 40-тан астам бірлескен рейд жүргізілді. Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатудың 15 фактісі, оның ішінде базар аумағында 5 факті анықталды, 1500 кг астам сертификатталған пиротехникалық өнім алынды, 12 жеке және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды.

 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі