27 желтоқсан күні сағат 14.43-те Маметова 2 көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген кезде, 8 ш.м. аудандағы 1 қабаттағы пәтерде қоқыс пен үй заттары жанғаны анықталды.
Атырау облысы ТЖД қызметкерлерінің күшімен баспалдақ маршы бойынша 4 адам эвакуацияланды. Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармысының аға инженері Әлішер Аблаев өздінен журе алмайтын, қозғаласы шектеулі 1953 ж. т. зейнеткерді арқасына арқалап, 4-ші қабаттан баспалдақ маршы бойынша алып шығып, көмек көрсету үшін 103 қызметіне тапсырды. Сондай-ақ, 3 қабаттан үш иінді саты бойынша 1 ер адам құтқарылды. Жалпы 2 адам құтқарылды, 4 адам эвакуацияланды және 15 адам өздігінен шықты. Сол жерде 103 қызметі 1 адамға көмек көрсетті, қалған тұрғындарға медициналық көмек қажет емес.
Сағат 15.18-де өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД-нің 12 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды, Атырау қ. ТЖБ анықтаушысы, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметінің № 2016 әскери бөлімінің 3 офицері, олар тұрғындарды эвакуациялауға белсенді көмектесті.
Атырау облысының ТЖД еске салады: өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтаңыз.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалу қажет.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы