Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану қағидалары» тақырыбында брифинг өтті.
Облыстық ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.Құдайбергеновтың айтуынша, жаңа жылдық мерекелер кезінде ТЖ қызметкерлері үшін өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері өзекті міндет болып табылады. Пиротехника жаңа жылдық мерекелер мен салтанаттардың ажырамас атрибуты болып табылады. Алайда фейерверктер түріндегі жарылғыш шуыл пиротехникалық бұйымдар көбінесе фабрикалық емес, бірақ қолдан жасалған өндірісте сатылатындығын назарға алған жөн. Олар өзінің сапасы төмен болғандықтан пайдалану кезінде адам денсаулығына елеулі зиян келтіруі мүмкін. Мысалға күйіктер мен түрлі ауырлықтағы дене жарақаттары. Осыған байланысты Департамент ЖПҚ-мен бірлесіп пиротехникалық бұйымдарды өткізу орындарында рұқсат етілмеген пиротехника саудасының жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Бұл ретте азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері тек алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Бүгінгі күні облыста 45 рейд ұйымдастырылды, оның барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 131 нұсқаулық өткізілді, 1 500 профилактикалық жадынама табыс етілді, жарамдылық мерзімі өткен 70 пиротехникалық бұйым тәркіленді.
Сонымен қатар тұрғындарды пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану ережелеріне, сондай-ақ өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдарға ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұқаралық ақпарат құралдарында барлығы 29 алдын алу материалдары жарияланды. Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және ресми сайттарда өрт қауіпсіздігі бойынша 108 ақпарат орналастырылған. LED экрандар мен телеарналарда бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Брифинг барысында жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің негізгі талаптарын атап өтті. Жаңа жылдық мерекелер кезінде жарақаттануды болдырмау үшін ересектер мен балаларға отшашулар мен петардаларды іске қосу кезінде белгілі бір ережелерді сақтауды ұсынды. Ең бастысы-нұсқаулықты мұқият оқып шығу және оның талаптарын дәл орындау.
Ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін Департаменттің жеке құрамы жаңа жылдық іс-шаралар кезеңінде қызмет атқарудың күшейтілген түріне ауыстырылатын болады.
Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы