
15 желтоқсанда орталық алаңда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордалық Төтенше жағдайлар департаментіне 50 бірлік жаңа өрт сөндіру техникасының кілті табысталды. Іс-шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, қала әкімі Алтай Көлгінов, азаматтық қорғау ардагерлері мен елордалық ТЖД басшылық құрамы қатысты.
Жарақтандыруға берілген өрт сөндіру автомобильдерінің қатарында 2 бірлік АДБ-0,8-40 және 10 бірлік АДБ-0,5 жедел ден қою автомобилі, 11 бірлік АЦ 5-40 автоцистернасы бар. Сонымен қатар, осы техниканың арасында VOLVOFMX базасында АКП-90 автоиінді көтергіш те бар. Бұл техника өртті 90 метр биіктікте сөндіруге мүмкіндік береді. Елімізде оның баламасы жоқ.
-Бүгін өртке қарсы қызметті жарақтандыру мақсатында елордалық ТЖД гарнизонына жаңа өрт техникасының кілттерін табыс етіп отырмыз. Бұл техника Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржы лизингі аясында сатып алынған. Аталмыш өрт сөндіру автомобильдері өртке қарсы жұмыстарын жүргізу үшін толыққанды жабдықталған. Автоцистерналар заманауи техникалық талаптарға сәйкес жасалған. Техникалар өртті сөндіруде сенімді және тиімді болып табылады, - деп атап өтті Юрий Ильин.
- «Өрт сөндірушілердің кәсібилігі мен ерлігіне өртке қарсы қызметтің техникалық жабдықталу деңгейіне де сәйкес келуі тиіс. Өткен жылы Департаментке 10 арнайы машина, биыл тағы 50 арнайы машина берілді. Байқоңыр ауданында өрт сөндіру депосы ашылды. Тағы 3 өрт сөндіру депосын салу жоспарлануда. Олардың екеуі тұрғын үй алаптарында орналасатын болады. Осының барлығы материалдық-техникалық базаны жақсартуға және құтқарушылардың жұмысына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қазақстандық тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың санаты кеңейтілді. Оған ТЖД қызметкерлері де кірді. Сонымен қатар, "Елорда Жастары" арнайы тұрғын үй бағдарламасы бойынша тұрғын үй бөлетін боламыз. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне қажырлы еңбегі мен жұмысқа деген ықыласы үшін алғысымды білдіремін, - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Бүгінгі таңда елордалық ТЖ гарнизонында 174 бірлік техника бар. Оның ішінде 68 негізгі, 37 арнайы және 69 қосалқы техника, оның ішінде үш бірлік көлемінде өтімділігі жоғары "Трэкол" техникасы бар. Жыл басынан бері елордалық құтқарушылар төтенше жағдайлар орнына 5000 рет шықты. Бұл ретте 388 адам, оның ішінде 115 бала құтқарылды, 460 адам эвакуацияланды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі