
Делегацияның сапары «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген «Қазақстан Республикасының аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру пункттерін орындау шеңберінде өтті. Кездесу барысында халық қалаулылары ведомство қызметкерлерінің техникалық жабдықталуымен танысты. Алматы қаласы ТЖД бастығы полковник Руслан Қасыбаев мәслихат депутаттарын мекеменің қызметімен таныстырды. Ол бүгінгі таңда өртке қарсы қызметтің 18 бөлімшесі қаланың қауіпсіздік күзетінде екенін айтты. Олардың жарағында әртүрлі мақсаттағы 166 өрт сөндіру автомобилі бар. Өкінішке орай, Алматы инфрақұрылымының қарқынды дамуы жағдайында өртке қарсы қорғаныстың тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін өрт автотехникасы мен жеке құрам жеткіліксіз. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, бір миллионнан астам халқы бар және қаланың ауданы 30 мың гектардан асатын болса, өрт сөндіру депосы кемінде 35 болуы керек. Депутаттар Алматының Наурызбай ауданындағы жаңа депоға барды. Ол 1,5 жылдан аз уақыт ішінде салынды, бөлімнің ашылуы қыркүйек айында өтті. Депо алты шығуға есептелген.
«Аталған өрт сөндіру депосы ТЖ туындаған жерге келу уақытын қысқартуға мүмкіндік берді және Жайлау, Қарағайлы, Құрамыс, Рахат, Қарғалы, Ақжар, Таусамалы, Тастыбұлақ, Қалқаман - 1,2,3 шағын аудандарында, сондай - ақ жалпы халық саны 159 мың адамнан асатын «Весна», «Дружба», «Медик», «Мұнай» бақша серіктестіктерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстың тиімділігін арттырды», - деді Алматы қаласы ТЖД бастығы депутаттарға. Халық қалаулыларына Алатау ауданындағы өрт сөндіру депосын да көрсетті, оның құрылысы жақын арада аяқталады. Қызмет көрсету аймағына индустриялық аймақтың 7 секторы (машина жасау, құрылыс өнеркәсібі, фармацевтика өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, жиһаз өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсіп), сондай-ақ «Саялы», «Көк-Қайнар», «Томирис», «Мәдиниет» шағын аудандары, жалпы халық саны 20 мың адамнан асатын 71 разъезд, 30 әлеуметтік объектілер және 60-тан астам шаруашылық жүргізуші субъектілер кіреді. «Мұнда 131 адам жұмыспен қамтылады. Негізгі және арнайы мақсаттағы 10 заманауи өрт сөндіру автомобилі сатып алынды. Жеке құрам үшін тұрмыстық бөлмелер, демалыс бөлмелері, психологиялық жеңілдену бөлмесі, спорт залы қарастырылған», - деді депо депутаттарына Руслан Қасыбаев.
Кәсіби даярлықты ұйымдастыру мақсатында онда оқу-жаттығу мұнарасы, 100 метрлік кедергілері бар жолақ бар. Соңғы қабаттарда гарнизон қызметкерлері үшін 20 тұрғынға арналған жатақхана және жеті жайлы пәтер қарастырылған.
2020-2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматы» кешенді жоспарын орындау аясында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жыл соңына дейін 30 өрт сөндіру автотехникасын жеткізу күтілуде.
Мәслихат депутаттары төтенше жағдайларға ден қоюға әзірлігін оң бағалады, делегация өрт сөндірушілерге олардың күрделі қызметінде табыс тіледі.
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі