
2021 жылғы 8 желтоқсанда сағат 15.34-те № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің «101» пультіне Екібастұз қаласында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт М. Жүсіп 71 мекенжайында үшінші кіреберістің төртінші қабатында орын алды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минут ішінде жетіп, үш бөлмелі пәтердің балконында терезенің ағаш жақтаулары, жатын бөлмеде жиһаздардың жанып жатқанын анықтады. Өрттің жалпы алаңы 6 шаршы метрді құрады.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін өздігінен 5 адам эвакуацияланды. Құтқарушылар пәтерлерді аралап, түтінденуді жоюды жүргізді. Оларға өрт болған пәтердің дәл үстінде орналасқан бесінші қабаттағы пәтерде 7 жасар баланың жалғыз қалып қойғаны туралы хабарлады. Баланың анасы есікті кілтпен ашып, аға өрт сөндіруші Кузнецов Ефим 2014 жылы туған ер баланы түтін басқан пәтерден далаға көтеріп алып шықты. Баланы дәрігерлер қарап шығып, көмектің қажет еместігіне көз жеткізді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі дереу іс-әрекеттерінің арқасында баланың өмірі құтқарылды.
Өрт 28 минут ішінде сөндірілді. Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 3 бірлік техника, «103», «102» қызметтері, қалалық электр желісі жұмыс істеді. Өрттің шығыны мен себебі анықталуда.
Павлодар обысы ТЖД азаматтарға кәмелетке толмаған кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауға және тұрмыста қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтауға кеңес береді.
Павлодар облысы ТЖД