2021 жылғы 18 қарашада Павлодар облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы Павлодар қаласы ТЖ басқармасымен, "Павлодар Инвест kz" ЖШС және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп Ленин кентіндегі әлеуметтік топтағы адамдардың тұрғылықты жерлері бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.
Рейдтік іс-шаралар барысында тұрғындарға жылыту пештерін, электр жабдықтарын және газ баллондарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді. Жылыту маусымы кезінде өрттің, халықтың өлімі мен жарақаттануының алдын алу мақсатында отбасыларға улы газ датчиктері орнатылды, жылыту пешінің түтіндіктерін тазалау жүргізілді. Барлығы 10 үйді қамтылып, оқытылды.
Сондай-ақ, ата-аналарға Павлодар облысының аумағында қайғылы салдардың алдын алу үшін балалардың тентектігіне қатысты ұсыныстар берілді. Көрнекі үгіт үшін өртке қарсы тақырыпта жадынамалар таратылды, балаларға Павлодар облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасынан түрлі-түсті бояғыштары таратылды.
Осы профилактикалық іс-шараларды Павлодар облысы аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері тұрақты негізде жүргізеді
Павлодар облысы ТЖД
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы