
2021 жылғы 8 қарашада Орталық коммуникациялар орталығында «Жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Спикер болып ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Дербісов Нұрболат Бекболатұлы, Мемлекеттік өрт бақылау басқарма бастығының орынбасары Райымқұлова Әйгерім Маралқызы сөз сөйледі.
Нұрболат Дербісовтің айтуынша, өрттердің пайда болу қаупін азайту, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануы мақсатында ТЖ министрлігі профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Орташа есеппен біздің бөлімшелеріміз күн сайын әртүрлі сипаттағы Төтенше жағдайлар жоюға 100-ден 150-ге дейін шығыстар жасайды. Әрине, шығыстардың негізгі үлесі өртті сөндіруге тиесілі. Ағымдағы жылдың 10 айында ел бойынша 9 мыңнан астам өрт болып, өрттерде жарақаттанғандар саны 358 адамды, қаза болғандар саны 297 адамды құрады. 4 394 адам құтқарылды. Жалпы, өрттердің 8%-ға: тұрғын үй секторында 13,6%-ға төмендегені байқалады. Сонымен қатар өрт санының жалпы төмендеуі кезінде қаза тапқандар саны 16%-ға (255-тен 297 адамға дейін), жарақат алғандар саны 45%-ға (246-дан 358 адамға дейін) өсті.
Қазіргі уақытта 107 мыңнан астам тұрғын үй есепке алынды, олар жүз пайыз аралаумен қамтылып, шамамен 400 мың адамға нұсқау берілді. Жалпы аралау барысында ТЖМ қызметкерлері 764 мыңнан астам тұрғын үйді қамтыды, алайда 51 мың үйдің тұрғындары тексеру мен кеңес беруден бас тартты. әкімдік өкілдерімен бірлесіп 71 мың үйге бару жүзеге асырылып, 747 мың азаматқа нұсқау берілді. 118 мыңға жуық тұрғын үйде 158 мың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталды, оның ішінде 40 мыңнан астамы сол жерде жойылды.
Газдан улану немесе жану өнімдерінің қайғылы салдарларын төмендету мақсатында жеке тұрғын үйлерде улы газдан датчиктер орнатылу жалғасуда.
Бүгінгі күні республика бойынша жеке тұрғын үйлерде 14 594 датчик орнатылған, оның ішінде табиғи газ – 7 756, улы газ – 6 703 және түтін газы – 135. Соңғы 3 жылда әкімдіктер есебінен тұрғын үйлерде 135 мыңнан астам автономды датчиктер орнатылды.
Жылыту маусымы басталғаннан бері өрт санының 20%-ға (2020 – 2021жж.-1 072, 2021 – 2022жж.-854) және өрт кезінде адамдардың қаза болуы 32,5% – ға (2020-2021жж. – 40, 2021-2022жж. - 27) төмендегені байқалады. Соңғы 2 жылда атқарылған жүйелі жұмыстар үйлердегі, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарындағы өрттер санының айтарлықтай төмендегенін көрсетті. Мәселен, егер 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымында аталған санаттағы үйлерде 19 өрт орын алса, онда ағымдағы жылыту кезеңінде (2021-2022 жылдар) Нұр-сұлтан қаласында бір өрт тіркелді. Бұл жұмыстың тікелей нәтижесі-жұмыс өткен жылу беру кезеңінде 140 азаматтың өмірі мен денсаулығын іс жүзінде құтқарған 36 датчик болды.
ТЖМ пеш жабдықтарын жылыту маусымына дайындауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі