Қызылорда облысының ТЖД қысқы кезеңге дайындық және жылыту маусымы кезінде өрттің алдын алу туралы айтып берді

Қызылорда облысының ТЖД қысқы кезеңге дайындық және жылыту маусымы кезінде өрттің алдын алу туралы айтып берді

Өңірлік коммуникациялар орталығында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Б.Ізбасаров пен Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысының орынбасары Б.Әлиевтің қатысуымен брифинг өтті. 

Брифинг барысында Бауыржан Шірімбекұлы ТЖ және полиция департаменттерінің қызметкерлерімен, қоғамдық бірлестіктердің волонтёрлермен бірлесіп, жылу беру маусымы кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында профилактикалық үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізілетіндігін атап өтті.  

Басты назар тұрмысы төмен, көпбалалы, жалғызбасты ана және мүгедек адамдары бар жанұяларға  аударылды. Мұндай 7 691отбасы бар. Олардың тұрғын үйлері толық араланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 2019 жылдан бастап 3 750 отбасының тұрғын үйіне көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылды. Орнатылған датчиктер өз тиімділігін көрсетуде. Атап айтқанда, үш отбасының өмірі мен мүлкін сақтап қалуға септігін тигізді. Қазіргі таңда 4000 мыңға жуық отбасының тұрғын үйлеріне орнату үшін көмірқышқыл газын анықтайтын датчик сатып алу бойынша келісім жасалды.

Сонымен қатар 2021 жылғы 2 қарашада Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Бауыржан Ізбасаровтың басшылығымен қысқы кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мақсатында  жұмылдырылуға тиісті  күштер мен құралдардың дайындығы қаралды. Іс-шара барысында техникалардың жай-күйі тексеріліп, қыс мезгіліне дайындық жағдайы бағаланды.

 

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі