2021 жылғы 1 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында СҚО-дағы өрт ахуалын жариялау және қысқы кезеңде ТЖ алдын алу мәселелері жөнінде брифинг өткізілді.
Өз сөзінде департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Орал Әбдірахманов жыл басынан бері 596 өрт тіркеліп, оның көбі тұрғын үй секторына келгендігін атап өтті (427 өрт немесе 72%). Ол өрттің басым көпшілігінің себебі адам факторы болып табылады: отты абайсыз пайдалану, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын, пештерді орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу. Департамент өрттерде адамдардың қаза болуын, сондай-ақ улы газбен улануды болдырмау мақсатында жергілікті атқарушы органдарды, еріктілерді, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, халық арасында профилактикалық жұмыс жүргізуде. Жылыту кезеңінің басынан бері 64 мыңнан астам адамды қамти отырып, 26 мыңға жуық аулаларды аралау жүргізілді, өртке қарсы тақырыпта үгіт-профилактикалық материалдың 60 мыңнан астам парақшасы таратылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына (көп балалы, аз қамтылған, зейнеткерлер мен мүгедектерге) ерекше назар аударылды. Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша 2019 жылдан бастап 1364 улы газ және түтін құрылғысы орнатылды, 2020 жылы олардың іске қосылуының 2 жағдайы тіркелді, бұл адам өмірін сақтап қалды.
ТЖ жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Серік Наурызбаев 2020-2021 жылдарғы қысқы кезеңде жолда 198 төтенше жағдай, оның ішінде 155 қар құрсауында қалу фактісі тіркелгенін, 24 авариялық-құтқару және 8 іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
Сонымен қатар, брифингте СҚО гидрометеорология орталығы директорының орынбасары Наталия Левина сөз сөйледі. Ол алдағы айларға болжамдық жағдай туралы егжей-тегжейлі айтып, Солтүстік Қазақстан аумағында тұман, көктайғақ және бұрқасын жиі болатынын атап өтті. Наталья Викторовна тұрғындарға қыс мезгілінде ауа райының күрт өзгеруі ықтималдығы туралы ескертті, бұл біздің климаттық аймаққа тән және оларға дайын болуға шақырды.
Қысқы жолдарда сақ болыңыз. Қыс мезгілінде жолға шығар алдында егжей-тегжейлі ойланып, мұқият жоспарлаңыз. Төтенше жағдайда әрбір ұсақ-түйек маңызды. Метеорологиялық мәліметтерді тыңдап, ауа-райының өзгеруін бақылауға тырысыңыз. Өз және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеңіз.
СҚО ТЖ департаментінің
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы