
Азаматтық қорғау аға сержанты Берік Қалықов Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Семей қаласы жасағының №40 өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып қызмет атқарады.
2021 жылғы 15-24 қазан аралығында Берік Қалықов Италиядағы кикбоксингтен әлем чемпионатына қатысты. Жарысқа 65 елден 1 600 спортшы сайысқа түскен. Берік Қалықов Қазақстан құрамасында өнер көрсетіп, қола жүлдегері атанды.
Ол ТЖ жүйесінде 2016 жылдан бастап қызмет етеді. Осы жылдар аралығында 13-тен астам өртті сөндіруге шығып, 20-дан астам азаматты құтқарды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі