ҚР ТЖМ «Бебеу» аннимациялық мультфильмін жарыққа шығарды

ҚР ТЖМ «Бебеу» аннимациялық мультфильмін жарыққа шығарды

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі авторлық аннимациялық мультфильмін шығарды. Мультфильмде  өрт сөндірушілердің қиын да, қызықты қызметі туралы баяндалады. Мультфильм Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен әзірленген. Оны «Балапан» телеарнасында көрсету жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Оның авторы Шымкент қаласы ТЖД Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Еркебұлан Тасқараев. Ол 2016 жылы авторлық құқық туралы құжатын Қазақстан Республикасының Әділет министрлінен алған.

Алдағы уақытта шығармашылық ұжым мультфильмнің бірнеше сериясын шығауды жоспарлауда. Бұл сериялар өрт сөндіруші мамандығын танымал ету және төтенше жағдайлардың алдын алу тақырыптарында түсірілетін болады.

           

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі