
2021 жылғы 13 қазан сағат 09.00-дегі жағдай бойынша жақын маңдағы елді мекендерге қауіп жоқ, аумақта ашық отпен жанып жатырған жерлер анықталған жоқ.
Өткен тәулікте 40 га сөндірілді: жеке құраммен 25 га жойылды, 15 га өздігінен жойылды. Өрттің жалпы ауданы 550 га құрайды. Қазіргі уақытта 490 га жойылды.
Өртті жоюға Атырау облысы ТЖД жеке құрамының 31 адамы, 5 бірлік техникасы, 4 мотопомпа, 1 генератор, 40 жеңдер, 1 үрлемелі шатыры жұмылдырылды.
Сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 5 қазанда Каспий теңізінің жағалауындағы батпақты жерде Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылынан 60 шақырым жерде қамыс жануы орын алуда.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы