Өрт кезінде Талдықорған қаласында 6 адам құтқарылды

Өрт кезінде Талдықорған қаласында 6 адам құтқарылды

4 қазан күні сағат 16:54-те Алматы облысының ТЖД-не Самал шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған шақырту орнына жоғары дәрежелі шақырту бойынша күштер мен құралдар, атап айтқанда Талдықорған қаласының өрт сөндіру бөлімшелері дереу жіберілді. Өрт сөндіру бөлімшелері шақыру орнына белгіленген нормативтік уақытта келіп жетті.

Келген бойда түтінделген пәтерлерден адамдарды құтқару және эвакуациялау жұмыстары кажет екені анықталды. Өртті бір мезгілде сөндіре отырып, адамдарды құтқару және эвакуациялау бойынша жұмыстар дереу ұйымдастырылды. Қабылданған жедел шаралармен 6 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала, сондай-ақ 43 адам, оның ішінде 17 бала эвакуацияланды және 52 адам өз бетінше эвакуацияланды. Өрттің ғимарат төбесіне және көрші пәтерлерге таралуына жол берілген жоқ. Өрт орнында Алматы облысы ТЖД 33 қызметкері мен 10 техникасы, сондай-ақ полиция, жедел медициналық көмек және авариялық-газ қызметінің қызметкерлері жұмыс істеді.

Өрт сағат 17:19-да ауыздықталып, сағат 17:33-те 21 шаршы метр алаңда сөндірілді, зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің алдын ала себебі бөгде калориясы аз от көзі (алдын ала сөндірілмеген темекі) болды.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.



Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі