
Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен Астықжан СҮ өрт сөндірілді. Өрттің ауданы алдын ала болжам бойынша 7 000 шаршы метрді құрады.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 2 қазанда сағат 09: 42-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Әл-фараби даңғылы, 28 мекенжайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарламаға жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты. Өрт сөндірушілер 6 минуттан кейін шақыру орнына келген соң, "Астықжан" сауда орталығының үшінші қабатында жиһаз салоны жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндіру орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД күштері мен құралдары, 105 адам және 26 бірлік техника құрамында , сондай-ақ коммуналдық қызметтің 8 суару-жуу машинасы жұмылдырылды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 2-қабаттың терезесінен 2001 ж.т. қыз өрттен өзін құтқару үшін секіріп кеткен, ол "Универсал" жиһаз цехының қызметкері болып табылады, қыз жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді, жағдайы орташа дәрежеде.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі