Алматы облысының Ақсай шатқалындағы өрт туралы ақпарат

Алматы облысының Ақсай шатқалындағы өрт туралы ақпарат

2021 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 18:20-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Іле-Алатау» МҒӨК аумағындағы, Ақсай шатқалынан 8 шақырым жердегі «Радуга» саяжай қоғамына жетуі қиын таулы аумақта, биіктігі 2000 метр жерде орман қылқан жапырақты қоқысының бықсуы және құрғақ шөптің, алдын ала 3 Га алаңда ағаштар жанып жатқаны байқалатыны туралы хабар келіп түсті.

Өрт шыққан жерге дереу Алматы облысы ТЖД мен Ақсай орман шаруашылығының күштері мен құралдары жіберілді.

28 қыркүйек күні сағат 09-30-дағы жағдай бойынша шатқалда түтіндеу бар.

ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы әуеден барлау жүргізіп, өрт орнына су төгуде. ТЖД күшімен жақын маңдағы аудандық бөлімшелердің қызметкерлерінен, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен қосымша топтар құрылды. Алматы облысы ТЖД бастығы Асқат Тойчубековтың басшылығымен штаб ұйымдастырылды. Аэровизуалды бақылау үшін ұшқышсыз ұшатын аппараты бар жедел топ-дрон жіберілді.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 25 қызметкері мен 7 техникасы, Ақсай орман шаруашылығының 70 қызметкері мен 15 техникасы, ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің 50 әскери қызметкері мен 2 техникасы, Қазавиаорманқорғау 10 қызметкері, сондай-ақ ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағының 1 борты және 4 экипажы жұмылдырылды.

Елді мекендерге қауіп жоқ. Ең жақын елді мекен – Қырғауылды ауылы 12 шақырым қашықтықта және «Радуга» бау-бақша қоғамы 8 шақырым қашықтықта орналасқан.

 

 

 Алматы обласы ТЖД  баспасөз қызметі