Жылыту маусымына дайындық

Жылыту маусымына дайындық

Жылу беру маусымына дайындық мақсатында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері БАҚ өкілдерімен бірлесіп тұрғын үй секоторында кезекті рейд өткізді.

Рейд барысында тұрмыстағы, соның ішінде пешпен жылытуды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды еске салу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарының (көп балалы және аз қамтылған отбасылар) үйлері араланды. Қызметкерлер электр жабдықтары мен жылыту пештерін пайдалануға қойылатын өрт қауіпсіздігі қағидаларының негізгі талаптарын жеткізді.

"Қазіргі уақытта Атырау облысының аумағында халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызылған 1965 отбасы есепте тұр. Аталған санаттағы азаматтардың үйлерінде 249 сигнализатор орнатылды, оның ішінде 189 табиғи газды анықтау датчигі, 40 улы газды анықтау датчигі, 20 түтін иісін анықтау датчигі",- деп атап өтті Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ақтаев Жасұлан Ақтайұлы.

Улы газдың түсі, дәмі мен иісі жоқ. Оның шығуын тек арнайы сенсордың көмегімен анықтауға болады. Улы газ анықталған кезде датчик іске қосылады да дыбыстық сигнал шығарады. Статистикаға сәйкес, көміртегі тотығымен улану көбінесе түнде, ұйықтап жатырған кезде болады. Адам тіпті газдың әсерін түсіне де сезіне де алмай қалады.

"2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымы кезінде тұрғын үй секторында өрттерді болдырмау мақсатында, Атырау облысы бойынша ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін 4651 адамды қамти отырып, 45 рейд жүргізілді, 2155 үй араланды. Рейдтік жұмыстар кезінде 2 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі туралы жадынама таратылды", -деп түсіндірді Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Г.Бабаев. Келер жылыту маусымына дайындық аясында, Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына жылыту құралдарын жөнге келтіруді, құбырларды күйеден тазартуды, сондай-ақ барлық электр сымдарын қалыпқа келітіріп, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады!

 

 

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы