Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері 21 қыркүйек күні сағат 18:33 минутта Тұран даңғылы 37/10 мекен-жайында орын алған өрт орнына жеке құрамнан 44 адам және 11 бірлік техника құрамында жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты. 5 минуттан кейін дереу шақырту орнына келген бойда 60 шаршы метр аумақта "Казахмыс" ғимараты қапталуының жануы орын алғаны анықталды. ТЖД дереу келген бойда бөлімшелері барлау жұмыстарына кірісті. Өрт сөндіру барысында қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Елордалық өрт сөндірушілердің жедел, үйлесімді, кәсіби іс-қимылдарының арқасында өрт сағат 19:10 минутта ауыздықталып, сағат 19:22 минутта сөндірілді.
Өрттің алдын ала себебі от жұмыстары болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі