Жамбыл облысында таулы аймақтағы өрт сөндірілді

Жамбыл облысында таулы аймақтағы өрт сөндірілді

2021 жылдың 21 қыркүйегінде сағат 15.30-да Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының таулы, кей жерлері  жартасты аймағындағы (теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте)  өрт сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда. Өрттің ауданы 650 га құрады.

Өртті сөндіруге  барлығы 277 адам мен 42 техника,"Қазавиақұтқару" МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.

Тікұшақ арқылы десантты жіберу және оларды сөндіру үшін жанудың жету қиын учаскелеріне су жіберу жүргізілді. Тікұшақтың Су ағызу құрылғысымен өрт ошақтарына барлығы 6 тоннаға жуық су шашты.

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары, табиғи ресурстарға және өз өміріне жауапсыздық қатынасы орны толмас шығындарға әкелетінін еске саламыз. Отпен абай болыңыз!

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 16 қыркүйегінде Жамбыл облысы ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының 101 қызметіне Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылына жақын жердегі Есдәулет учаскесінде тау баурайында құрғақ шөп жанғаны туралы хабарлама түскен болатын.

 

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі