Жылыту маусымына дайындық туралы

Жылыту маусымына дайындық туралы

 

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жылыту маусымына дайындық және шомылу кезеңінің қорытындысы туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма бастығы Ерлан Төрегелдиев атап өткендей, биылғы жылдың басынан бері елімізде 7 515 өрт тіркелді. Өрт кезінде 1 018 адам құтқарылды. Бұл ретте 251 адам қайтыс болды, 217 адам түрлі дәрежедегі күйік алды және уланды. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жалпы өрт саны 7% - ға төмендеген кезде қаза тапқандар саны 20% - ға, жарақат алғандар саны 18% - ға өсті.

Тұрғын үй секторында 4 300-ден астам өрт болды, бұл олардың жалпы санының 58% - ын құрайды.

Өткен жылыту кезеңінде өрт санының 9%-ға өсуі байқалады (2019 – 2020жж.-5 001, 2020 – 2021жж.-5 462) және өрттен адамдардың қаза болуы 24% – ды құрады (2019-2020жж. – 222, 2020-2021жж.-276), улы газбен уланудан қаза болғандар (табиғи газбен пешпен жылыту ережелерін бұзу салдарынан) 36% (2019 – 2020ж.-22, 2020 – 2021жж. - 30).

Сонымен қатар, соңғы 2 жылда атқарылған жұмыстар халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде орын алған өрт санының айтарлықтай төмендегенін көрсетті, атап айтқанда 18-ден астам есе.

Мәселен, егер 2019-2020 жылдардағы жылу беру кезеңінде аталған санаттағы үйлерде 354 өрт болса, 2020-2021 жылдардағы өткен жылу беру кезеңінде барлығы 19 өрт тіркелген.

Сонымен қатар  тұрғын үй секторында улы газбен уланудан (өрт туындамай, қатты отынмен жылыту пештерін пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан) адамдардың қайтыс болуы көрсеткіштері 28%-ға (2019 – 2020ж.-39, 2020 – 2021ж. - 28) төмендегені байқалады.

Биыл ТЖМ бөлімшелері 15 тамыз - 15 қазан  аралығында халыққа пештерді орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша республикалық өрт қауіпсіздігі акциясын өткізуде. Оны тек жылдың жылы мезгілінде өрт қауіпсіз кезде ғана өткізуге болады.

Өрт қауіпсіздігі акциясының I-кезеңінде 15 тамыз - 15 қыркүйек аралығында әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау органдарының өкілдерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының, жетім балалардың, көп балалы отбасы балаларының тұрғын үйлеріне бару, оның ішінде қажетті көмек көлемін анықтау үшін ұйымдастырылды.

Бүгінгі күні ТЖМ қызметкерлері 66 000-нан астам тұрғын үйді аралап шықты, бұл ретте 2 000 үйдің тұрғындары тексеру мен кеңес беруден бас тартты. 48 000 үйге әкімдік өкілдерімен бару жүзеге асырылды, оның барысында 195 000 азаматқа нұсқау берілді. 18 мыңға жуық тұрғын үйде 41 000 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталды, оның ішінде 12 000-нан астамы сол жерде жойылды. Әлеуметтік қорғау органдарының ақпараты бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының 107 000-нан астам тұрғын үйі есепке қойылды.

15 қыркүйек 15 қазан аралығында өрт қауіпсіздігі акциясының II кезеңі өткізіледі. Өткен жылыту маусымдарының тәжірибесі негізінде алдын алу жұмыстарымен автономды жылыту жүйелерімен байланысты төтенше жағдайлардың туындауына неғұрлым бейім тұрғын үйлер қамтылады, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне бару жұмысы жалғасады.

Алдын алу жұмыстары бірлі-жарым барумен және үгіт материалдарын таратумен шектелмейді. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып пайдаланылып жатқан тұрғын үйлерді қайта аралау жүзеге асырылады. Ағымдағы жылдың соңына дейін 2 млн.астам жеке тұрғын үйді аралау жоспарланып отыр.

Жаз мезгілінде жеке тұрғын үйлерде 2 089 датчик, оның ішінде табиғи газ – 1 200, улы газ – 869 және 20 түтін хабарлағыш орнатылды.

Соңғы 3 жылда тұрғын үйлерде әкімдіктер мен демеушілер есебінен 120 мыңнан астам автономды датчик орнатылды. Өткен жылыту кезеңдерінде 36 датчиктің іске қосылуы нәтижесінде140 азамат өлімнен аман қалды. Мысалы, 2020-2021 жылдардағы өткен жылыту кезеңінде үй-жайда улы газдың шекті рұқсат етілген концентрациясы туралы датчиктің іске қосылуының 4 жағдайы тіркелді, соның арқасында 15 адам қатты уланудан аман.қалып, қайтыс болуының алдын алды  (Нұр-Сұлтан қ. - 1, Шымкент қ.-1, Ақмола обл. - 2).

Күздің суық күндерінің басталуына байланысты ТЖМ тұрғындарға пеш жабдықтарын жылыту маусымына дайындауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.

Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін мұржалары, мұржалары және басқа элементтері тікелей жылыту маусымы басталар алдында, сондай – ақ жылыту маусымы кезінде: үш айда бір рет – жылыту пештері үшін, екі айда бір рет-үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін күйеден тазартылуы тиіс.

Пешпен жылытуды пайдалану кезінде:

1) жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды балаларға тапсыруға;

2) жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы параққа орналастыруға;

3) қатты отынмен жанатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

4) отынның осы түрлеріне арналмаған пештерді көмірмен, кокспен және газбен жағуға;

5) үй-жайларда жиналыстар және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде пештерді жағуға;

6) пештерді қыздыруға;

7) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пеш пен түтіндіктердің бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге;

8) саңылауларды жобалау нормаларында көзделмеген ысырмаларды (жапқыштарды) пайдалануға;

9) диаметрі 15 мм кем саңылауы бар жапқыштарды пайдалануға жол берілмейді;

10) желдету және газ каналдарын мұржалар ретінде пайдалануға;

11) ақаулары, жарықтары және саңылаулары бар пештерді жағуды жүзеге асыруға жол берілмейді.

Жылыту құралдарын дайындау кезінде туындайтын мәселелер бойынша кеңес алу үшін азаматтар ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне жүгіне алады.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі