Шымкентте «Жылыту» профилактикалық операциясы өткізілуде

Шымкентте «Жылыту» профилактикалық операциясы өткізілуде

"Жылыту" профилактикалық операциясы аясында Шымкент қаласының ТЖ департаментінің қызметкерлері күзгі-қысқы өрт қауіпті кезеңдегі қауіпсіздікке арналған әңгімелер өткізеді. Осы іс-шаралар барысында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелері егжей-тегжейлі қаралады. Егде жастағы азаматтардың, қиын өмірлік жағдайға тап болған жалғыз басты адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Инспекторлар азаматтарға пешпен жылытуды, газ жабдығын пайдалану және электр қондырғыларын пайдалану кезінде тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының негізгі талаптарын жеткізеді.

Бұл ретте мамандар тек әңгімелесумен ғана айналыспайды. Осындай рейдтер кезінде пеш құбырларының мұржаларын тегін тазалау бойынша акциялар да өткізіледі. Бұл іс-шара әлеуметтік қорғалмаған отбасыларда өткізіледі.

Кезекті акция кезінде өмірлік қиын жағдайға тап болған және немересімен бірге тұратын жұмыссыз әйелдің отбасына Қаратау ауданының ТЖ қызметкерлері мұржаны тазалап қана қойған жоқ. Олар «ескірген» ақаулы пешті көріп, оны толығымен жөндеуге уәде берді. Болашақта бұл отбасы Қаратау ауданы ТЖ басқармасының қамқорлығында болады. Жергілікті әкімдік қызметкерлері де шетте қалған жоқ. Олар бұл отбасын қыста отынмен қамтамасыз етуге уәде берді.

Жылу беру маусымына дайындық кезеңінде жүргізіліп жатқан жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланады, ескерту жадынамалары мен роликтер департаменттің және қалалық әкімдіктің әлеуметтік парақшаларында орналастырылуда.

 

Шымкент қаласы ТЖД

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы