Екі өскемендік тұрғын өрт кезінде мүгедек адамды құтқарды

Екі өскемендік тұрғын өрт кезінде мүгедек адамды құтқарды

Назарбаев даңғылында бесінші қабаттағы пәтерде шамамен бір сағат бұрын өрт шыққан. Шақырту орнына келген құтқарушылар газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамында барлау жүргізді. Құтқарушылар саты торынан 1971 жылы туған ер адамды тапты, оны өрт сөндірушілер келгенге дейін екі көрші Роман Томилов пен Артур Зубко кіретін есікті бұрағышпен ашып, түтінге оранған тұрғын үй-жайдан шығарған екен.

Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерігінің қарауынан соң, Жедел жәрдем дәрігерлері зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізді. Зардап шеккен адамда жану өнімдерімен улану белгілері бар, ол мүгедек екен.

Құтқарушылар 2 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Өрттің себебі бойынша отты абайсыз қолдану нұсқасы қаралуда.

ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және отты абайлап қолдану қажеттігін ескертеді.

Өрт кезінде 112 немесе 101 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі