«ӨРТ-2026»: авиациялық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды

«ӨРТ-2026»: авиациялық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды

«ӨРТ-2026» Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуға дайындық аясында Қостанай облысында оқу-жаттығудың практикалық кезеңдеріне тартылатын тікұшақ ұшқыштарымен жұмыс кеңесін ұйымдастырды.

 

Кеңес барысында ТЖМ, ЭТРМ, ІІМ Ұлттық ұланы, Қорғаныс министрлігі және ҰҚК әуе борттарының өзара іс-қимылы мен бірыңғай радиобайланысты ұйымдастыру, әуеден «каскадты сөндіру» тактикасын қолдану, қауіпсіздік талаптары, сондай-ақ техникалық мәселелер талқыланды.

 

Естеріңізге сала кетейік, «ӨРТ-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы биылғы жылдың 28-29 мамыр күндері Қостанай облысында Республикалық жедел штабты ұйымдастыру арқылы өтеді.