ТЖМ қатты суыққа байланысты өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады

ТЖМ қатты суыққа байланысты өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады

  Қазгидрометтің мәліметінше еліміздің аумағында температураның күрт төмендеуі күтілуде. Осыған байланысты Төтенше жағдайар министрлігі азаматтарды тұрғын үй-жайларды жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.

  Бірінші кезекте пешпен жылытудың, электр және газ жылытқыштарының жарамдылығын тексеріңіз;

  - тек жарамды құрылғыларды қолданыңыз;

  - жабдықтың қызып кетуіне жол бермеңіз және тоққа қосылған аспаптарды қараусыз қалдырмаңыз;

  - жанғыш материалдарға дейінгі қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз;

  - қолдан жасалған немесе ақауы бар жылытқыштарды пайдаланудан бас тартыңыз;

  - мұржалардың жарамдылығын қамтамасыз етіп, қажет болған жағдайда оларды тазалаңыз.

  ТЖМ жылыту аспаптарын дұрыс пайдалану өрттің алдын алудың және суық мезгілде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылатынына назар аударады.