Өрт автоматика жүйелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібі

Өрт автоматика жүйелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібі

Өрт автоматикасы жүйлерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес (ҚР ТЖМ 28.08.2025ж. №372 бұйрығымен бекітілген) рұқсат алу үшін заңды және жеке тұлғалар ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетіне «электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіндегі өтініш береді.

Өтінішке қоса беріледі:

- электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат беру тобын III төмен емес, жоғары техникалық және кәсіптік білімі, электр жабдықтарын монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету саласында кемінде үш және бес жыл жұмыс өтілі растайтын мамандар құжаттарының көшірмелері;

- мамандарды жұмысқа қабылдау туралы еңбек шарттарының көшірмелері;

- меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі үй-жай туралы құжаттардың көшірмелері;

- өлшем құралдарының бар екендігін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, тиісті тексеру жүргізілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы шешім туралы хабардар етіледі.