Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдар өз қызметкерлерін өртке қарсы насихат пен нұсқамаларды қоса алғанда, өрт қауіпсіздігі шараларына оқытуды қамтамасыз етуге міндетті.
Өрт-техникалық минимум (ӨТМ) бағдарламалары бойынша оқыту өндірістен қол үзіп те, үзбей де жүргізілуі мүмкін. Өндірістен қол үзіп оқыту жөніндегі қызметтер бәсекелестік негізде ұсынылады және оқу орталығын таңдауды ұйымның басшысы дербес жүзеге асырады.
Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды ескере отырып, оқу орталықтарында ӨТМ оқытудан қандай жұмыскерлер санаты өтуі тиіс, ал қайсысы тікелей ұйымның өзінде оқытылуы мүмкін екенін айқындауға ұйым құқылы (ТЖМ 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығымен бекітілген). Бұл ретте жаңадан қабылданған барлық қызметкерлер еңбек міндеттерін орындау басталғанға дейін кіріспе өртке қарсы нұсқаулықтан өтуі тиіс.
Өртке қарсы нұсқаманы және өндірістен қол үзбей оқытуды ұйым басшысының өзі немесе оқу орталығында оқудан өткен өрт қауіпсіздігіне жауапты адам жүргізе алады.
Белгіленген талаптарды бұза отырып берілген өрт қауіпсіздігі бойынша білімдерін тексеру туралы куәліктер жарамсыз деп есептелетінін ерекше атап өтеміз.
Оқытылатын тақырыптардың көлемі мен ауырлығын ескере отырып, өрт қауіпсіздігі саласында бейінді білімі бар мамандарды ӨТМ оқытуға тартуды ұсынамыз.
Бұл шаралар өрт болған жағдайда персоналды іс-қимылға даярлау тиімділігін арттыруға және объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.