ТЖМ-де «Үздік өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор» республикалық конкурсының екінші кезеңі басталды.
Байқаудың соңғы кезеңіне қатысушыларды төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Камалов қарсы алып, оларға адал күрес пен лайықты жеңіс тіледі.
«Өрт инспекторының жұмысы жоғары жауапкершілікті, терең білімді, іс-әрекетте анықтықты және өз ісіне берілгендікті талап етеді. Бұл байқау өңірлердің үздік инспекторларына өздерін республикалық деңгейде көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, практикалық тәжірибе алмасу үшін тамаша алаң болып табылады», - деп атап өтті вице-министр.
Үздік инспектор атағы үшін барлық ТЖ департаменттерінде өткен бірінші кезеңнің жеңімпаздары күресетін болады.
Бірінші күні конкурсанттар кәсіби портфолиоларын көрсетіп, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тест тапсырады.
Байқау 8 тамызда аяқталады.
ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті