Өрт қауіпсіздігі - ведомствоаралық міндет

Өрт қауіпсіздігі - ведомствоаралық міндет

«Заң және құқықтық тәртіп» тұжырымдамасы аясында ТЖМ-де Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Әскери департаментінің өкілдерімен кездесу өтті.

Жұмыс кеңесі барысында Қорғаныс министрлігінің объектілеріне қатысты тексеру жүргізу кезінде Заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыным, сондай-ақ заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері қаралды.

Бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес ТЖМ Қорғаныс министрлігінің объектілерін өрт қауіпсіздігі бойынша тексеруді жүзеге асырды.

Енді «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 24 маусымдағы Заңға сәйкес Қарулы Күштер әскери бөлімдерінің, мекемелерінің аумағында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.

Аталған түзетулер ағымдағы жылдың 10 шілдесінде күшіне енді.

ТЖМ-нің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша үйлестіруші рөлін ескере отырып, тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде, сондай-ақ Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын қайта өңдеу кезінде өзара іс-қимылды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

 

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті

 

 

#заңжәнетәртіп