Жоғары осалдық жағдайында іс-әрекеттерді жаттықтыру

Жоғары осалдық жағдайында іс-әрекеттерді жаттықтыру

Бүкіл ел бойынша өрт сөндіру бөлімшелерімен мобильділігі төмен азаматтардың қатысуымен өрт-тактикалық оқу-жаттығулар мен сабақтар өткізілді.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты жанып жатқан ғимараттан өз бетінше эвакуациялауға мүмкіндігі шектеулі адамдардың қаза болуына жол бермеу, сондай-ақ өрт туындаған жағдайда қызмет көрсетуші персоналдың іс-әрекетке дайындығын тексеру болып табылады.

Мүгедектігі бар адамдарды эвакуациялау үшін өрт және өзге де техниканы тарта отырып, барлығы 237 өрт-тактикалық оқу-жаттығулар мен сабақтар өткізілді.

Оқу-жаттығуды өткізу кезінде өрт сөндіру бөлімшелерімен ғимараттардың конструктивтік ерекшеліктерін зерделенді, өртке қарсы сумен жабдықтау, автоматты өрт дабылы және объектілерді хабардар ету жүйелері тексерілді.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істеу үшін ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті Мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің мобильділігі төмен топтармен және төтенше жағдайлар кезінде мүгедектігі бар адамдармен өзара іс-қимылы бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі.

 

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті