Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау туралы хабарландыру

Өртке қарсы қызметтің негізгі функциялары – халықты, объектілерді және мүлікті өрттен қорғау, ол үшін мынадай міндеттер орындалады: өрттердің алдын алу, өрттерді жою, авариялық-құтқару жұмыстары, жүйенің жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ объектілердің өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын сақтауына өрт-техникалық тексеру жүргізу.

Алайда, өрт қауіпсіздігін сақтау үшін барлық басшылар мен жауапты тұлғалар өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнаманың талаптарын орындай бермейді.

Айыппұлдарды ұлғайту түріндегі реттеуді қатаңдатуды енгізудің мақсаты кәсіпкерлік субъектілерінің өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауға мүдделілігін арттыру болып табылады, өйткені кәсіпкерлік субъектілеріне объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қаражат жұмсағаннан гөрі айыппұл төлеу оңайырақ. Ал құқық бұзушылықтың салдары адам өліміне, ірі материалдық шығынға әкеп соқтыратын өрттер болуы мүмкін.

Сонымен қатар, өртке қарсы жағдайды тексеру өрт қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұза отырып пайдаланылатын бірқатар объектілердің бар екенін көрсетеді.

Негізгі бұзушылықтар электр желілерін, жабдықтарды, жұмыс істемейтін өрт дабылдарын, өрт сөндіру жүйелерін, өрт крандары мен гидранттарын пайдалануға, өрт су қоймасының болмауына, эвакуация жолдарының бітелуіне, жобалау-сметалық құжаттамасыз көлемдік-жоспарлау шешімдерінің өзгеруіне және т. б. байланысты.

Осыған байланысты, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін ҚР ӘҚБтК 410-бабы бойынша айыппұл мөлшерін ұлғайту, сондай-ақ лауазымды және заңды тұлғаларға қатысты ескертуді алып тастау бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы реттеуші құралдарды қатаңдату көзделген. Бұл норма кәсіпкерлік субъектілерінің өрт қауіпсіздігі талаптарына неғұрлым жауапты көзқарасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, оларды сақтамау адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруі, өрт болған жағдайда ірі материалдық залалға әкелуі мүмкін.

Шоғырландырылған ұстанымды жан-жақты қарау және әзірлеу мақсатында бұл жоба жұртшылық өкілдерімен және мүдделі тұлғалармен талқылауға ұсынылады, олар ағымдағы жылдың 19 мамырында сағат 11-00-де «zoom» режимінде өткізу жоспарланған (байланыс тел.60-21-17).

Дата публикации
03 мая 2023
Дата обновления
03 мая 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
27 апреля 2026
НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру
Хабарлама
17 апреля 2026
НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру
Хабарлама
26 января 2026
НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы