Есепті кезеңде республикада 2 493 өрт тіркелді, оның материалдық шығыны 714 млн 207 мың теңгені құрады, өртте 104 адам қаза тауып, 115 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алды.
ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері өртке және авариялық-құтқару жұмыстарына 11 860 рет шықты, 1527 адам құтқарылды, өрттерде 1 333 адам эвакуацияланды.
Мемлекеттік өрт бақылауымен 3 746 объект қамтылды (оның ішінде профилактикалық бақылау – 2 990 объект), жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарының 33 388 бұзушылығы анықталды.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 4 005 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: ескерту түрінде – 2 730, 67 млн теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде – 1 275.
Бұрын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды орындамағаны үшін сот органдарына ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 94 хаттама жіберілді.