Өрт қауіпсіздігі саласындағы азаматтық қорғау органдарының 2025 жылғы 1 тоқсандағы қызметінің нәтижелері туралы

Есепті кезеңде республикада 2 775 өрт тіркелді, оның материалдық шығыны 688 млн 980 мың теңгені құрады, өртте 86 адам қаза тауып, 97 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алды.

ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері өртке және авариялық-құтқару жұмыстарына 11 461 рет шықты, 299 адам құтқарылды, 936 адам эвакуацияланды.

Мемлекеттік өрт бақылауымен (оның ішінде профилактикалық бақылау – 4 892 объект) 7 823 объект қамтылды, жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарының 51 168 бұзушылығы анықталды.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 3 595 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: ескерту түрінде – 3 141, 23 млн теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде – 454.

Бұрын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды орындамағаны үшін сот органдарына ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 373 хаттама жіберілді.

Дата публикации
06 мая 2025