ТЖМ өрт қауіпсіздігі саласында 7 823 тексеру жүргізді (+56,4%, 2024ж. – 5 003), оның ішінде 4 892 объектіде профилактикалық бақылау (+34,4%, 2024ж. – 3 641). Нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарының 51 168 бұзылуы анықталды (+37%, 2024ж. – 37 318).
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 3 595 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (-41,5%, 2024ж. – 6 141), оның ішінде 3 141 ескерту (-45%, 2024ж. – 5 702) және 454 айыппұл (+3,4%, 2024ж. – 439) сомасы 23 млн 687 мың теңге (+72%, 2024ж. - 18 млн 621 мың теңге).