ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетеді (мемлекеттік қызметтер тізілімі ЦДИАӨМ 30.01.2020 жылғы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген).
2019 жылғы 1 ақпаннан бастап осы қызметтер толығымен автоматтандырылып, көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін тек электрондық форматта беру жолымен «Е-лицензиялау» «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы іске асырылады.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі ІІМ бұйрықтарымен регламенттелген (ІІМ-нің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, ІІМ-нің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 112 «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы).
2023 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсетуге 244 өтініш берілді, оның ішінде 143 аттестат берілді (99 – аудит бойынша аккредиттеу, 44 – МЕӨҚҚ аттестаттау), 101 аттестат беруден бас тартылды (36 – аудит бойынша аккредиттеу, 65 – МЕӨҚҚ аттестаттау).
2024 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсетуге 222 өтініш берілді, оның ішінде 127 аттестат берілді (103 – аудит бойынша аккредиттеу, 24 – МЕӨҚҚ аттестаттау), 95 аттестат беруден бас тартылды (79 – аудит бойынша аккредиттеу, 16 – МЕӨҚҚ аттестаттау).
2025 жылдың қантарында мемлекеттік қызмет көрсетуге 33 өтініш берілді, оның ішінде 17 аттестат берілді (14 – аудит бойынша аккредиттеу, 3 – МЕӨҚҚ аттестаттау), 16 аттестат беруден бас тартылды (12 – аудит бойынша аккредиттеу, 6 – МЕӨҚҚ аттестаттау).
2025 жылдың 2 айында мемлекеттік қызмет көрсетуге 61 өтініш берілді, оның ішінде 33 аттестат берілді (28 – аудит бойынша аккредиттеу, 5 – МЕӨҚҚ аттестаттау), 28 аттестат беруден бас тартылды (21 – аудит бойынша аккредиттеу, 7 – МЕӨҚҚ аттестаттау).
2025 жылдың 3 айында мемлекеттік қызмет көрсетуге 75 өтініш берілді, оның ішінде 42 аттестат берілді (36 – аудит бойынша аккредиттеу, 8 – МЕӨҚҚ аттестаттау), 33 аттестат беруден бас тартылды (25 – аудит бойынша аккредиттеу, 8 – МЕӨҚҚ аттестаттау).
2025 жылдың 4 айында мемлекеттік қызмет көрсетуге 95 өтініш берілді, оның ішінде 51 аттестат берілді (42 – аудит бойынша аккредиттеу, 9 – МЕӨҚҚ аттестаттау), 44 аттестат беруден бас тартылды (30 – аудит бойынша аккредиттеу, 14 – МЕӨҚҚ аттестаттау).