2024 жылы республика бойынша 11 549 өрт тіркелген (2023 ж. – 11 805, -2%), 326 адам қаза тапты (2023ж. – 375, -13%), 332 жарақат алды –(2023ж. – 304, +9%), материалдық шығын 24 млрд 234 млн теңгені құрады (2023ж. – 168 млрд 834 млн, -6,9 есе).
Өрттердің пайда болу себептері негізгі үлесі электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу – 49,4% (2023ж. – 5 012, 2024ж. – 5 716, +14%), пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу – 15,5% (2023ж. – 1 604, 2024ж. – 1 801, +12,3%) және халықтың отты абайсыз қолдану – 16% (2023ж. – 2 329, 2024ж. – 1 764, -24,3%,).
Жыл сайын өрттің 60% тұрғын үй секторына, ал 22% - дан астамы көлік құралдарына тиесілі.
Ағымдағы жылы тұрғын үй секторындағы өрттердің саны 6 909-дан 6 964 жағдайға дейін (немесе 55 өрт, 0,8% - ға өсу), көлікте 2 442-ден 2 506-ға дейін немесе 2,6%-ға, бақылаудағы объектілерде 1 072-ден 1 207-ге дейін немесе 12,6%-ға ұлғайды.
Бақылаудағы объектілерде болған өрттердің ең көп саны сауда кәсіпорындарына тиесілі бақылаудағы объектілерде болған өрттердің жалпы объектінің 39,8% (2023ж. – 424, 2024ж. – 481, +13,4%), әкімшілік-қоғамдық ғимараттар – 14,5% (2023ж. – 134, 2024ж. - 176, +31,3%), өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар – 12,3% (2023ж. – 156, 2024ж. – 149, -4,5%) және ауыл шаруашылығы объектілері – 8,6% (2023ж. – 90, 2024ж. – 104, +15,6%,).
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша жаңа реттеуші саясаттың енгізілуіне байланысты субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, бұл ретте әкімшілік практика желісі бойынша жұмыс жоспардан тыс тексерулер кезінде және өрт бойынша бұзушылықтар болған жағдайларда жалғасады.
2024 жылдың 12 айында аумақтық бөлімшелер 24 038 объектіде тексеру жүргізді (2023ж. – 14 429, +66,6%), оның ішінде: профилактикалық бақылау – 13 324 (2023ж. – 10 809, +23,3%) және жоспардан тыс – 10 714 (2023ж. – 3 620, +2,9есе).
Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша 13 324 объектіде (2023ж. – 10 809, +23,3%) 148 386 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталды (2023ж. – 109 510, +35,5%).
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 24 560 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2023ж. – 14 490, +69,5%), оның ішінде: ескерту түрінде – 21 514 (2023ж. – 12 131, +77,3%), айыппұл түрінде – 3 046 (2023ж. – 2 359, -1,9 есе) 143,3 млн теңгеден астам сомаға (2023ж. – 103,3 млн теңге, +38,7%).
Бұрын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды орындамағаны үшін сот органдарына ӘҚБтК – нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша жасалған 1 682 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (2023ж. – 1 228) жіберілді.
Айыппұлдармен қатар сот органдары 40 объектінің қызметін тоқтатты (2023ж. - 56, -1,4 есе).