
ҚР ТЖМ өкілдері вице-министр Е.С. Нұрпейісов бастаған БҰҰ-ның Орталық Азия және Азия бойынша азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өңірлік кеңсесінің және төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығының (орталықтың) өкілдерімен кездесу өткізіп, «Қазақстандағы ауыл шаруашылығы секторы үшін шығындар зиянды бағалау әдіснамасын институттандыру және цифрландыру» жобасының ФАО-ның қаржылық қолдауымен Орталықпен жүзеге асыратын ағымдағы нәтижелерін талқылады.
Жобаның мақсаты өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық шаруашылығы және аквамәдениет сияқты секторлардағы ықтимал шығындар мен залалдарды бағалаудың кешенді құралын әзірлеу болып табылады. Бұл құрал ұлттық саясат пен жоспарлау үшін де, 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған орнықты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық бағдарламаларды, оның ішінде орнықты даму мақсаттары (ТДМ), апаттар қаупін азайту жөніндегі Сендай негіздемелік бағдарламасы (СРБ), БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясын өзгерту туралы Париж келісімі сияқты бастамаларды және басқа да маңызды халықаралық міндеттемелерді орындау үшін де пайдалы болады.
Кездесу қорытындысы бойынша Вице-министр осы жобаны іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
Осы әдіснаманы пайдалану Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы секторының неғұрлым орнықты дамуына ықпал ете отырып, дүлей зілзалалар қаупін азайту жөнінде шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Төтенше жағдайлардын алдын алу комитеті