
Ағымдағы жылдың 25 тамызы мен 16 қыркүйегі аралығында төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің қызметкері АҚШ Мемлекеттік департаменті ұйымдастырған АҚШ-тағы Халықаралық көшбасшылық бағдарламаға (international visitors leadership program) қатысады. Ұйымдастырушылар әртүрлі елдерден 20 адамнан тұратын топ құрды. Бағдарламада елдегі және басқа елдермен өзара іс-қимылда апаттар қаупін төмендетумен айналысатын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға бару көзделген.
Қазіргі уақытта АҚШ Мемлекеттік департаментінің, USAID, Денсаулық сақтау, тұрғын үй және қала құрылысы, Қызыл Крест департаменттерінің өкілдерімен кездесулер өткізіліп, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою, сондай-ақ гуманитарлық көмек көрсету мәселелері талқыланды.
Бағдарлама қорытындысы бойынша алынған білім мен дағдылар табиғи апаттарға дайындық деңгейін арттыру және олардың салдарын барынша азайту үшін қолданылатын болады.