Қазақстандық Делегация Кореядағы семинарға қатысуда

Қазақстандық Делегация Кореядағы семинарға қатысуда

2024 жылғы 25 тамызбен 6 қыркүйек аралығында Қазақстаннан келген делегация Кореяда өтіп жатқан «Орталық Азияда АКТ пайдалана отырып, жер сілкінісіне бағдарланған апаттарды басқару саласындағы әлеуетті арттыру» семинарына қатысуда. Семинарды Кореяның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA) ұйымдастырып, қатысушы елдердегі табиғи апаттардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ұлттық мүмкіндіктерді нығайтуға бағытталған.

Семинардың мақсаты-Корей тәжірибесі мен технологияларын бейімдеу арқылы апаттарды басқару саласындағы қатысушы елдердің саясаты мен тәсілдерін жақсартуға көмектесу.

Іс-шара барысында қазақстандық қатысушылар табиғи апаттарды басқару саласындағы ағымдағы ахуал туралы өз есептерін ұсынды, ел алдында тұрған негізгі сын-қатерлер мен қиындықтарды талқылады. Бағдарлама апаттарды басқару саласындағы ең жақсы әлемдік тәжірибелерді терең түсінуге ықпал ететін дәрістерді, практикалық сабақтарды және талқылауларды қамтиды.

Семинар аяқталғаннан кейін Қазақстан мен Орталық Азияның басқа елдерінен (Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан) қатысушылар алған білімдері мен дағдыларын өз елдерінде табиғи апаттарға дайындық деңгейін арттыру және олардың салдарын барынша азайту үшін қолдануға мүмкіндік алады.