15 тамызда Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында Орталық Азия елдерінің төтенше ведомстволары басшыларының Өңірлік форум-кеңесі өтеді.
Осы форум аясында бүгін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің алтыншы бірлескен отырысы өтті.
Тараптар төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары туралы пікір алмасты.
Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің басшылығы өз баяндамасында Қазақстан Республикасында қолданылатын сел көріністері мен жер сілкінісін бақылау жүйесі және тәсілдері туралы айтты.
Алқаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау шеңберінде делегациялар алдыңғы бесінші бірлескен отырыстың шешімдерінің орындалуы туралы ақпаратты жеткізді. Сондай-ақ іс-шара барысында төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюда жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдану бойынша тәжірибе алмасылды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар уағдаластыққа қол жеткізілді. Айта кетейік, Қазақстан мен Қырғыз Республикаларының Төтенше жағдайлар министрліктері алқасының кезекті жетінші бірлескен отырысы 2026 жылы Қазақстан аумағында өткізілетін болады.