Су тасқынына дайындыққа баға беру

Су тасқынына дайындыққа баға беру

Қарағанды облысының 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығын бағалау мақсатында ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Ә.Д. Жылқайдаров өңірдің су басуы ықтимал елді мекендерін аралады.

Инспекциялау шеңберінде Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Шет аудандары мен Теміртау, Қарағанды қалаларының су басуы ықтимал елді мекендерін аралау жүргізілетін болады.

Аралау барысында қорғаныш біліктерінің, өзен арналарының, су бұру арналарының және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі бағаланады. Әрбір анықталған фактор бойынша ықтимал салдардың алдын алуға бағытталған жедел шешімдер қабылданады.

ТЖААК