2025 жылғы 24 қыркүйекте Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті «Орталық Азиядағы климаттық тәуекелдерді басқару» өңірлік жобасын іске асыру шеңберінде Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) делегациясымен жұмыс кездесуі өткізді.
Кездесу барысында Қазақстанда бірлескен бастамаларды іске асыруға байланысты көптеген мәселелерді талқылады. Атап айтқанда GIZ алдағы жылдары біздің еліміздің аумағында жүзеге асыруға ниетті жоспарлар мен жобалар қаралды.
Тараптар Орталық Азия елдерімен трансшекаралық ынтымақтастық, ақпарат алмасу тетіктерін дамыту және климаттың өзгеруі мен табиғи апаттарға байланысты тәуекелдерге бірлесіп ден қою мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар GIZ тарапынан жобаларды қаржыландыру перспективалары және БҰҰ Даму бағдарламасын (БҰҰДБ) қоса алғанда, басқа халықаралық ұйымдармен әріптестік форматтары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі сындарлы өзара іс қимылға дайындығын растап, басым бағыттардағы ынтымақтастықтың практикалық қадамдарын дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.