Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті мемлекет аралық семинарға қатысуда

Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті мемлекет аралық семинарға қатысуда

Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің қызметкерлері Манила (Филиппины) қаласында 2025 жылғы қыркүйектің 2 мен 4 аралығында өтіп жатқан климаттың өзгеруіне бейімделу және табиғи апаттардың тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша мемлекет аралық семинарға қатысуда.

Азиялық даму банкі ұйымдастырған іс-шара мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының өкілдерін жинады.

Семинар шеңберінде климаттық тәуекелдерге тұрақтылықты нығайту, алдын ала ескерту жүйелерін жетілдіру және азаматтық қорғау саласында халықаралық ынтамақтастықты нығайту мәселелері талқылануда.

ТЖААК