
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылында бөгендерді нығайту және кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Жоба бөгендерді жоғарғы деңгейі бойынша да және негізі бойынша да кеңейтуді көздейді. Жаңғырту аясында құрылымдарды бетондау және арматураланған плиталарды төсеу жоспарланған. Бұл шаралар құрылыстардың беріктігін арттыруға және көктемгі су тасқыны кезеңінде су басу қаупін азайтуға бағытталған.
Тепличное ауылында жұмыс шілде айының басында басталды. Оларды орындау үшін 29 арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде: 5 экскаватор, 2 тиегіш, 2 автогрейдер, 15 самосвал және 2 бульдозер.
Бөгендерді нығайту – Қызылжар ауданының тұрғындары мен инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Жобаның аяқталуы су тасқыны қаупін едәуір азайтуға және Тепличное ауылының жағалау аумақтарын гидротехникалық қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі инженерлік іс-шаралардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруды жалғастыруда.