«Сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандастырудың) әртүрлі масштабты карталарын және сейсмикалық тәуекел карталарын әзірлеу және қолдану тәртібін бекіту туралы» бұйрықты әзірлеу «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның 15-бабы 3-тармағының 10-4) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.
Бұл бұйрық:
- жалпы сейсмикалық аймақтарға бөлу карталары (ЖСБ);
- егжей-тегжейлі сейсмикалық аймақтарға бөлу карталары (ЕТСБ);
- сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары (США);
- сейсмикалық тәуекел карталары (СТК) әзірлеуге, өзектендіруге және қолдануға бірыңғай талаптар мен кезеңдерді белгілейді.
Бұйрықтың негізгі мақсаттары сейсмикалық аудандастыру және тәуекелді бағалау нәтижелерінің салыстырымдылығын, ғылыми негізділігін және практикалық қолданылуын қамтамасыз ету болып табылады.